» » Астанада «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқау өтті

Астанада «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқау өтті


Астанада «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқау өтті
Елордада «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық  байқауы өтті. Биыл 8-мәрте ұйымдастырылып отырған сайыс 4 аталымға негізделген. Байқауға қатысушылар Алаш зиялылары жайлы шығарма жазып, отбасылық құндылықтарды айшықтайтын пьеса, қуыршақ театрларына арналған драмалық шығарма және қолөнер туындыларын әзірлеп, өзара сынға түседі. Бұл шараның мақсаты - отандық авторларға қолдау көрсетіп, елдің өнер, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру.  Айбек Бекбосын, байқау қатысушысы:  - «Елбасы толғауы» атты күйім үшінші орын иеленіп, лауреат атанды. Қуанышымызда шек жоқ. Еткен еңбегіңді жасаған еңбегіңді бағалап жатса, өнер адамына басқа қандай бақыт керек.

www.24.kz сайтынан алынды
15 қаңтар 2018 ж. 230 0