» » Мысықтарға арналған дәмхана мен қонақ үй Астанада ашылды (фоторепортаж)

Мысықтарға арналған дәмхана мен қонақ үй Астанада ашылды (фоторепортаж)

Мысықтарға арналған дәмхана мен қонақ үй Астанада ашылды (фоторепортаж)

Дәмханада 15 мысық барДәмханада 15 мысық бар / Фото informburo.kz

Адамдар мұнда тамақтану үшін келмейді. Мысықты ойнатып, өздерінің шаршағандарын басып, демалу үшін келеді. Бұл жерде әртүрлі тұқымды 15 мысық бар.

Мұнда келушілер аяқ киімдерін кіреберіске шешіп, қолдарын жуады. Одан соң кішкентай үстелдер қойылған бөлмеге немесе Play Station ойын құрылғысы бар залға кіреді.
Дәмхана антикафе форматында жұмыс істейді
Дәмхана антикафе форматында жұмыс істейді / Фото informburo.kz
– Біздегі мысықтардың бәрі асыл тұқымды. Бағалары мың долларға дейін барады, – дейді мысық-кафе қожайыны Айгүл Құрманәлиева.
Мысықтарға барлық жағдай жасалған
Мысықтарға барлық жағдай жасалған / Фото informburo.kz

Бізде мәзір жоқ

– Мәзір ұсынады деп күтпеңіз. Бұл адамдардың тамақтану үшін емес, шаршағанын басып, демалу үшін келетін орын.
"Кафе" сөзін естіген жұрт әдеттегідей мұнда да салат, бірінші, екінші ыстық тамақ береді деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл – мысығы бар адамдар тамақ ішетін кафе емес, керісінше, мысықты ойнатып, бойға қуат алып, демалуға арналған, яғни, антикафе. Тамақты үйден ала келуге рұқсат етіледі не сырттан тапсырыс беруге болады.
Кафеге өз мысығыңды әкелуге болмайды
Кафеге өз мысығыңды әкелуге болмайды / Фото informburo.kz
Екінші қабатта мысықтар тамақтанатын жеке бөлме бар. Ұйықтайтын арнайы орын жоқ. Олар осы жердің қожайыны, қайда жатса да еркі, дейді Айгүл.
Джеки, бір жаста. Абиссина тұқымы. Ең әдемі және ақылды мысықтардың бірі
Джеки бір жаста. Абиссина тұқымы. Ең әдемі және ақылды мысықтардың бірі / Фото informburo.kz
Айгүлдің айтуынша, бастапқыда дәмхана ересектерге арналып ашылса да, келушілердің басым көпшілігі балалар болып шыққан.
– Ата-аналары мысық ұстауға рұқсат бермейтін, не болмаса енді мысық асырайын деп жүрген балалар көп келеді. Студенттер, қыздар, ең қызығы, мысықпен "сырласу" үшін жас жігіттер де жиі бас сұғып тұрады.
Студенттер мен әлеуметтік әлсіз топтарға жеңілдік бар
Студенттер мен әлеуметтік әлсіз топтарға жеңілдік бар / Фото informburo.kz

Бұл жерде клиенттің емес, мысықтың дегені болады

Кез-келген кафеде келушінің асты-үстіне түссе, бұл жерде мысықтардың айтқаны жүреді.
Кассандра, бір жаста. Мейн-кун мысығы. Жер бетіндегі ең ірі отандық мысықтардың бірі
Кассандра, бір жаста. Мейн кун мысығы. Жер бетіндегі ең ірі мысықтардың бірі / Фото informburo.kz
– Келген адам осында өткізген уақыты үшін ғана ақша төлейді. Ересек адамдар үшін екі сағаты екі жарым мың теңге. Ал, 5-12 жас аралығындағы балаларға мың жарым теңге. Студенттер мен әлеуметтік әлсіз топтарға жеңілдік бар, – дейді Айгүл.
Қонақ үйде жатқан мысық
Қонақ үйде жатқан мысық / Фото informburo.kz
– Мысықтардың мазасын алуға болмайды. Балалар көтеремін деп мыжғылап тастайды. Қолға алуға көп рұқсат бере бермейміз. Ұйықтап жатқан мысықты оятуға болмайды. Себебі мысық ұйқышыл, олар өзін оятқан адамға ызаланып, агрессия танытуы әбден мүмкін, – дейді Айгүл.
Персик, бір жас төрт айда. Парсы мысығы, ұйқыны жақсы көреді
Персик, бір жас төрт айда. Парсы мысығы, ұйқыны жақсы көреді / Фото informburo.kz
– Мен дәмханаға келгенде бәрімен амандасып, қолыма алып, еркелетіп аламын. Олармен сөйлесемін, әйтпесе ренжіп қалады, – дейді Айгүл.
Диноға сегіз ай. Канадалық сфинкс. Ойнағанды ұнатады
Диноға сегіз ай. Канадалық сфинкс. Ойнағанды ұнатады / Фото informburo.kz
Марғаулардың негізгі қызметі – келушілермен ойнап, көңілін көтеру. Бір сөзбен айтқанда, жағымды сезімдерге бөлеу.
Дереккөз: informburo.kz
12 қаңтар 2018 ж. 44 0