» » Баланы дамытатын қызықты ойындар

Баланы дамытатын қызықты ойындар

Похожее изображениеБаланы дамытатын ойындар
Балаға арналған ойындар – жай көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар жаңа тәжірибе мен білім алу мүмкіндігі. Уақытты көңілді өткізумен қатар, баланы дамытуға көмектесетін ойындарды ұсынамыз.
Қиялшыл Суреттері бар балалар кітабын алыңыз. Балаңызбен суреттерге мұқият қарап отырып, кітаптағыдан басқа әңгіме ойлап табыңыз. Бірге бірнеше әңгіме құрастырған соң, ары қарай бала өзі ойлап табуға ынталанады.
Тыңшы Анасы кітап ішіндегі суретті балаға көрсетпей, онда не салынғанын суреттеп береді. Содан соң кітапты жауып тастайды. Бала анасының айтқаны бойынша кітаптан сол суретті табуы керек. Одан кейін рөлдеріңізбен ауысасыздар: бала суреттейді, анасы іздейді.
Дыбыстау Балаларға және үлкендерге арналған көңілді ойын ойнауға болады. Ол үшін жанұяңызбен теледидар қарап отырған сәтте оның дыбысын жауып тастап, әркім жеке дыбыстау жасайды. Ол мультфильм, кино немесе жаңалықтар болуы мүмкін. Бала үлкендерді қайталап, әртістік өнерін дамытады.
Сандар Картонға қанық түстермен 1-ден 10-ға дейін жазыңыз немесе сандары бар дайын шағын текшелерді үй бөлмелерінің әр жеріне қойып шығыңыз. Баланың міндетіне ата-ана айтқан санды әкеліп беру жатады. Бала жүгіреді, іздейді және үйренеді.
Табу Баланың көзін шарфпен жауып, қолына кезекпен түрлі заттар беріңіз. Ол ойыншықтар, ыдыс, кітап, түрлі тамақтар болуы мүмкін. Бала оны иіскеп немесе дәмін көру арқылы қолындағы заттың не екенін табуы керек.
Қадам Балаға қадам санауды тапсырма етіп беріңіз. Мысалы, үйден қақпаға, қақпадан ағашқа дейін, ағаштан бағанаға дейін, одан дүкенге дейін қанша қадам деп сұрап отырыңыз. Одан соң мына жерден келесіге дейін қанша қадам екенін көзбен болжап айтыңыздар, содан соң оны қадаммен санатыңыз.
Бала мұндай жаттығулардан соң ара қашықтықты санауды және аңғаруды үйренеді. Пластилин Пластилин – баланың қиялын және саусақ моторикасын дамытатын әмбебап құрал. Балаңызбен әріптерді зерттеңіз. Содан соң пластилиннен әріптер жасаңыз. Жақсы шыққан әріп үшін баланы мақтауды ұмытпаңыз. Көлеңке Жанып тұрған майшамның қасында қабырғаға көлеңке театрын ойнатыңыз. Қолыңызбен құстар мен итті көрсетумен шектелмеңіз, қағаздан ертегі кейіпкерлерін жасап, оларды рөлдері бойынша көрсетіп, әңгіме құрастырыңыздар.

Massaget.kz сайтынан алынды
12 қаңтар 2018 ж. 299 0