» » Ұшақта телефонды өшіріп қоюдың қажеті не: әуе компанияларының түсініксіз 5 жорасы

Ұшақта телефонды өшіріп қоюдың қажеті не: әуе компанияларының түсініксіз 5 жорасы

Ұшу және қону кезінде жолаушылардан не үшін орындықтардың арқалықтарын тіктеп қоюды өтінетінін және салондағы шамдарды өшіріп тастайтынын біліп алыңыз. 
Ұшақ салонында бірінші рет отырған кісі «анда барма», «бұлай отырма», «мынаны қоспа» деген сияқты рәсім-жосықтар мен ережелердің көптігіне аң-таң болары анық.
Біз әуе компанияларының 5 түсініксіз жорасын таңдап алып, не үшін жолаушылардан ол жоралардың сақталуын талап ететінін түсіндіріп шығуды ұйғардық. 

Неге ұшақ қонған және ұшқан кезде шамдарды өшіріп тастайды?

Егер осылай істесе аспанды тамашалауға жақсы болады деп ойласаңыз, қатты қателесетініңізді айтуға тиіспіз. Бұл талап тек қауіпсіздік ережелерінен туындап отыр. Бар гәп ұшақтың ұшуы мен қонуы — ұшқыштардың ең қауіпті маневрлері екендігінде.  
Сондықтан, бұндай қауіпсіздік шараларының қажет болатын себептерінің бірі: оқыс жағдай бола қалса, ұшақ экипажы жан-жағын көре алатын болуы керек. Түнде жол жүргенде салондағы шамы өшірілетін автокөлікпен аналогия жасап көруге болады. 

Ұшақта отырғанда телефонды неге өшіріп қою керек?  

«Ұшу кезінде сіздерден ұялы телефондарыңызды өшіріп қоюды және басқа да электронды техника түрлерін пайдаланбауды өтінеміз», — әрбір жолаушы кез келген рейсте осындай хабардандыруларды естиді.    
Ақиқатын айтсақ, аталған аспап-құралдар әуе кемелерінің радиоқұрылғылары үшін соншалықты қатер төндірмейді. Әуе техникасы пайдаланатын жиіліктердің тұрмыстық заттардың сипаттамасынан айтарлықтай айырмашылығы бар.    
Ұшып келе жатып ұшқыш айтып жатқан хабарландыру естілмей, дыбыс жоқ болып кететінін байқауыңыз мүмкін. Бұл жолаушылардың бірінің қосулы тұрған телефонының кесірінен болып тұр.
Алайда бұл кедергілер болар-болмас қана, оның үстіне қазіргі заманғы ұшақтарда олардың әсері жоқтың қасы, бірақ, ондай кедергілерді болдырмау үшін, ұшу және қону кезінде бәрібір телефондарды өшіріп қоюды өтінеді.   

Ұшу және қону кезінде не үшін орындықтардың арқалықтарын тіктеп қоюды өтінеді?

Бұл енді түсінікті: тік тұрған арқалық сізге және басқа жолаушыларға ары-бері оңай өтуге мүмкіндік береді.   
Бұған қоса, оқыс жағдай бола қалса, арқалықтардың дәл осылай тік тұруы сізге де, артыңызда отырған жолаушыға да жақсы қорғаныш болады.     
Дәл осы себепті орындықтарға орнатылған тақталар мен мини-столдар да жинаулы тұруы тиіс. Орындық арқалықтарының осылай тік тұруы мен қауіпсіздік шараларының сақталуы ұшу кезіндегі әр түрлі қызық-шыжықтар мен қауіпті жағдайлардың болу мүмкіндігін азайтады.

Бүкіл команда мен жолаушылар ұшақ бортына жиналып болған кезде boardong completed деп неге айтады?  

Boarding completed деген сөз жолсеріктерге (стюардессаларға) арналған ішкі инструкция. Бұл сөз жолаушылар үшін айтылмайды.  
Ағылшын тілі халықаралық авиация тілі болғандықтан, бүкіл дүние жүзінің әуе компаниялары бірін бірі түсінуі үшін, дәл осы тілде айтылады.

Ұшақ ұшып шыққан кезде және келіп қонған кезде берілетін дыбыстық сигнал нені білдіреді?

Дыбыстық сигнал Cabin crew take your seats деп аударылады. Бұл экипаждың кабинасына берілетін хабарлама, олар орындарына отырулары тиіс екенін білдіреді.  
Bilim All
04 ақпан 2019 ж. 87 0