» » Мектептерде 2-ауысымда сабақ болмайды

Мектептерде 2-ауысымда сабақ болмайды

«5 ақпанда ауа райының колайсыздығына байланысты Астанадағы қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды», – делінген қалалық Білім басқармасының хабарламасында.
Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда күн күрт суытып кей өңірлерде 45°С аяз болады деп болжаған.
Сонымен қатар, Ақмола облысында 5 ақпанда қатты аязға байланысты 0-11 сыныптарына сабақ болмайды. «Ақмола облысында 28-33 градус аяз. 0-11 сыныптарына сабақтар тоқтатылды», – делінген 112 хабарламасында.
kazbilim
05 ақпан 2019 ж. 242 0