» » Еліміздегі бірқатар өңірлерде сабақ болмайды

Еліміздегі бірқатар өңірлерде сабақ болмайды

Ақмола облысының мектептерінде бүгін сабақ болмайды. «5 ақпанда Ақмола облысында минус 28-33 қатты аяз. 0-11 сынып аралығында сабақ болмайды», - делінген ТЖК таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, облыс орталығы Көкшетау қаласында бүгін 0-11 сынып оқушылары оқымайды.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында да бүгінгі сабақ өткізілмейтін болды.
Облыстық Білім басқармасының ақпараты бойынша, 5 ақпанда  Семей қаласында ( ауа темперетурасы -27, жел 2 м/с) 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды.
Риддер қаласы (-28)  1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды.
Шемонаиха ауданында (-31) 1 ауысымдағы 1-4 сыныптың оқушылары оқымайды.
Бесқарағай ауданында (-33) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді.
Қостанайда бүгін температура 28-30 градус аяз, желдің жылдамдығы 15 м/с, кейде екпіні 18м/с жетуі ықтимал.
Сондықтан Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар арасында сабақ болмайды. 
Павлодар облыстық білім басқармасының хабарлауынша, өңірде 5 ақпанда 1 ауысымдағы 1-11 сыныптарда сабақтар өткізілмейді. Өңірде температура минус 33 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ болмайды. Өңірде минус 30 градус аяз.
Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда күн күрт суытып кей өңірлерде 45°С аяз болады деп болжаған. 
inform.kz
05 ақпан 2019 ж. 268 0