» » Жас журналистер жүйрігі анықталмақ

Жас журналистер жүйрігі анықталмақ


Журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі түрде өтетін республикалық пән олимпиадасы биыл Сарыарқа төрінде жалғасын тапты. Талай тарландар дүниеге келген Қарағанды жері өзінің көз тартарлық әсемдігімен тәнті етеді. 
Абылай ханның кеңесшісі болған дана, дара Бұқар жырау сынды дарындылардың кіндік қаны тамған жердің тарихы тереңнен сыр шертеді.Журналистика мамандығы бойынша Xреспубликалық олимпиада барысында қатысушыларға қаланың көрікті жерлері таныстырылды. Шаһардың шырайын келтіріп тұрған зәулім ғимараттар, сауда орталықтары, түрлі мәдениет ордалары қаланың ажарын айшықтап тұрғандай. Әр дәуірдің ғажайып туындылары өзгеше қисындарымен сырт келбетінің сымбатымен көз тартады. Ал, 1974 жылы бой көтерген «Шахтер даңқы» монументі қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
«Сыр түлегі» тобы
30 наурыз 2018 ж. 213 0